Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 14.01.2014 N 01-1/2-12/26 хатымен).
"Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы N 221 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2013 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға облыстық бюджет қаражатынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 13 мамырдағы N 118 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 4448 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 21 мамырдағы "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулының 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-тармақшамен толықтырылсын:
"6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес субсидияланатын гербицид түрлері және гербицидтерді жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 килограмына (литріне) арналған субсидия нормалары.";
осы қаулының қосымшасына сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын.
2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.С.Нұртаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_____________А. Мамытбеков
2013 жылғы "20" қыркүйек
Қызылорда облысы әкімдігінің
2013 жылғы "23" қыркүйектегі N 292 қаулысына
қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің
2013 жылғы 13 мамырдағы N 118 қаулысына
6-қосымша
Субсидияланатын гербицид түрлері және гербицидтерді жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 килограмына (литріне) арналған субсидиялар нормалары
р/с |
Субсидияланатын гербицидтердің түрлері |
Өлшем бірлігі |
1 килограммға (литрге) субсидия нормалары, теңге |
1 |
Солито 320, к.э. |
кг (л) |
1465 |
2 |
Номини 400, с.к. |
кг (л) |
23322 |
3 |
Рейнбоу 25 ОД, м.ш. |
кг (л) |
2392 |
4 |
Боливер, 50% с.д.т. |
кг (л) |
71760 |
5 |
Гулливер, с.д.т. |
кг (л) |
74750 |
6 |
2М-4Х 750, 75% с.е.к. |
кг (л) |
598 |
Қысқартылған сөздердің толық жазылуы:
г/кг – грамм/килограмм
г/л – грамм/литр
кг (л) – килограмм (литр)
к.э.-концентратты эмульсия
м.ш. - майлы шашырама
с.е.к.-суда еритін концентрат
с.д.т.- сулы дисперленген түйіршік
с.к.- сулы концентрат