Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қазалы қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Жаңа

Қызылорда облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы N 412 қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихатының 2013 жылға 18 желтоқсандағы N 168 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қаңтарда N 4581 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексіне және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қазалы қаласының шекарасы (шегі) Қазалы қаласының әкімшілік аумағынан Қазалы қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын жерлердің экспликациясы бойынша жалпы көлемі 717,5 гектарды қосу арқылы өзгертілсін.
      2. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Қазалы ауданының әкімі Б.Д. Жахановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі           Қ. Көшербаев

      Қызылорда облыстық
      мәслихатының кезекті
      22-сессиясының төрағасы             А. Тоғызбаев

      Қызылорда облыстық
      мәслихатының хатшысы                Б. Еламанов

Қызылорда облысы әкімдігінің
2013 жылғы "18" желтоқсандағы N 412 қаулысына
және Қызылорда облыстық мәслихатының
2013 жылғы "18" желтоқсандағы N 168 шешіміне
қосымша

Қазалы қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын жерлердің экспликациясы

N

Жерлердің атауы

Жалпы көлемі (гектар)

оның ішінде:

ауыл шаруашылығы алқаптары

орман көмкерген

басқа да жерлер

егістігі

көп жылдық екпелер

тыңайған жер

жайылымдар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Қазалы қаласының бекітілген шекарасы (шегі)

302,5






302,5

2

Қазалы қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын жерлердің көлемі

717,5




539,0

22,0

156,5

3

Қазалы қаласының шекарасы (шегі)

1020,0

-

-

-

539,0

22,0

459

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады