"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43–1-бабына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сайлау алдындағы барлық кандидаттар үшiн үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiлеу туралы" Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң 2013 жылғы 26 наурыздағы N 103 қаулысына (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 4433 нөмiрiмен тiркелген, "Ақмешiт апталығы" газетiнде 2013 жылғы 30 сәуірдегі N 18, "Кызылорда Таймс" газетінде 2013 жылғы 03 мамырдағы N 18 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының орыс тіліндегі қосымшасының мәтіні жаңа редакцияда жазылсын, мемлекеттік тіліндегі қосымшасының мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев
"КЕЛIСIЛДI"
Қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы
Аралбаев Марат Жайылханұлы
________________________
2013 жылғы "31" желтоқсан