Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы Шәкен ауылдық округі әкімінің 20.12.2013 N 12 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қазалы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2013 жылғы 25 сәуірдегі N 8-16-139 ұсынысына сәйкес, ауылдық округтің әкімі ШЕШТІ:
1. Қазалы ауданы, Шәкен ауылдық округi, Шәкен ауылында ұсақ малдарының арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Б.Баймахановқа жүктелсін.
3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Шәкен ауылдық
округінің әкімі Б. Амреев
КЕЛIСIЛДI
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау
комитетiнің "Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттiк мекемесiнiң бас мемлекеттік
ветеринарлық-санитарлық инспекторы
_____________ М. Дүйсен
"29" сәуір 2013 жыл