Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 25.12.2013 N 394 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылға арналған Қазалы ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары А. Алдажаровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы С. Мақашов
Қазалы ауданы әкімдігінің
2013 жылғы "20" мамырдағы
N 119 қаулысына қосымша
2013 жылға арналған Қазалы ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі
1. 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар.
2. 50 жастан асқан жұмыссыз тұлғалар.
3. Отбасында бірде-бір адам жұмыс істемейтін тұлғалар.
4. Бір жылдан ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар.
5. Техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарының түлектері.