Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылға арналған Қазалы ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Қазалы ауданы әкiмдiгiнiң 2013 жылғы 20 мамырдағы "2013 жылға арналған Қазалы ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 4462 болып тiркелген, 2013 жылғы 22 маусымда "Тұран-Қазалы" газетiнде жарияланған) N 119 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Б.Жарылқапқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкiмiнiң | |
мiндетiн атқарушы | С. Мақашов |
Қазалы ауданы әкiмдiгiнiң 2013 жылғы "25" желтоқсандағы N 394 қаулысына қосымша |
2014 жылға арналған Қазалы ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі
1. 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар.
2. 50 жастан асқан жұмыссыз тұлғалар.
3. Отбасында бірде-бір жұмыс істемейтін тұлғалар.
4. Бір жылдан ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар.
5. Техникалық және кәсіби білім беру орындарының түлектері.