2013 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 31 қазандағы N 476 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 20 қарашада N 4541 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1)-тармақшасына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес 2013 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Қ. Бүркітбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жаңақорған ауданы әкімінің


уақытша міндетін атқарушы

С. Идирисов


  Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2013 жылғы "31" қазандағы
N 476 қаулысына қосымша

2013 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

N

Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының әкiмшiлiк-аумақтық орналасуы

Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушiлер саны


Мектепке дейiнгi ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бiр айдағы мөлшерi (теңге)

Мектепке дейiнгi ұйымдар ата-аналарының бiр айдағы төлемақы мөлшерi (теңге)

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері


(Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес)

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері



(Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес)

1

Жаңақорған ауданы

1910

20039

9605

17 310


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады