Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 10.02.2014 N 68 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылға арналған Сырдария ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Е. Әжікеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі Ғ. Қазантаев
Сырдария ауданы әкімдігінің
2013 жылғы "9" шілдедегі
N 285 қаулысына қосымша
2013 жылға арналған Сырдария ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі
1. 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар.
2. 50 жастан асқан жұмыссыз тұлғалар.
3. Отбасында бірде-бір адам жұмыс істемейтін тұлғалар.
4. Бір жылдан ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар.
5. Техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарының түлектері.