2013 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы N 524 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 23 желтоқсанда N 4559 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы N 4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 13.01.2014 N 4 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2013 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Е. Әжікеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                     Ғ. Қазантаев

Сырдария ауданы әкімдігінің
2013 жылғы "11" желтоқсандағы
N 524 қаулысына қосымша

2013 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

N

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік- аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі ұйымдардағы қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың 1 (бір) айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері

(Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес)

(Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес)

1

Сырдария ауданы

360

27226

19348

20295

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады