Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 20.06.2013 N 18/4 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
1. 2013 жылдың 31 мамырына дейін біржолғы материалдық көмек
көрсетілсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне; Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған,хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеде тұрмаған жесірлеріне; екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 68000 (алпыс сегіз мың) теңге мөлшерінде;
2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға 25000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы П. Маханбет
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Ә. Оразбекұлы