2013 жылға арналған әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 16 мамырдағы N 17/6 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 05 маусымда N 4461 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы N 26/9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 21.02.2014 N 26/9 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес Шиелі ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 2013 жылға арналған Шиелі ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі аудандық мәслихатының
      сессиясының төрағасы                     Б. Әшірбеков

      Шиелі аудандық
      мәслихатының хатшысы                     Ә. Оразбекұлы
 
 
 




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады