Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімі аппаратының 06.01.2014 N 08/1-3/3 хатымен).
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылға арналған Шиелі ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Оңғаровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі М. Ергешбаев
Аудан әкімдігінің
2013 жылғы "7" маусымдағы
N 157 қаулысына қосымша
2013 жылға арналған Шиелі ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі
1. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
2. Жасы елуден асқан жұмыссыз тұлғалар.
3. Отбасында бірде-бір адам жұмыс істемейтін тұлғалар.
4. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық).
5. Техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарының түлектері.