Шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Күшін жойғанҚызылорда облысы Шиелі ауданы Төңкеріс ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі N 3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 қазанда N 4526 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы Төңкеріс ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 05 желтоқсандағы N 40 шешімімен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 3-тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес Төңкеріс ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шиелі ауданы, Төңкеріс ауылдық округінің, Шеген Қодаманов ауылында ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы К. Мұсаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз