Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға облыстық бюджет қаражатынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 09 тамыздағы № 241 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 тамызда № 2287 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 08-37-2617 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысының 25.12.2015 № 08-37-2617 хатымен).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар бекітілсін:
      1) осы қаулының 1–қосымшасына сәйкес басым дақылдардың тізбесі және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар - жағар май материалдары мен басқа да тауарлық - материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары;
      2) осы қаулының 2–қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған субсидиялар нормалары;
      3) осы қаулының 3–қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған субсидиялар нормалары.
      2. Субсидия берілу мерзімі - 2013 жыл, қаржыландыру көзі – Маңғыстау облысының ағымдағы қаржы жылының бюджеті болып анықталсын.
      3. «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (К. Ерғалиев):
      осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін;
      заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

      Облыс әкiмi                             А. Айдарбаев
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрінің
      міндетін атқарушы
      М.Т. Умирьяев
      09 тамыз 2013 ж.
 

      Маңғыстау облысының
      қаржы басқармасының басшысы
      М.Б. Альбекова
      09 тамыз 2013 ж


      Маңғыстау облысының экономика
      және бюджеттік жоспарлау басқармасы
      басшысының міндетін атқарушы
      Ж.Ұ. Ұланова
      09 тамыз 2013 ж.


Маңғыстау облысы әкімдігінің
2013 жылғы 09 тамыздағы
№ 241 қаулысына 1 - қосымша

Басым дақылдардың тізбесі және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар - жағар май материалдары мен басқа да тауарлық - материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары
 
 

р/б

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

1 гектарға арналған бюджеттік субсидияның нормалары, теңге

1.

Көкөніс және бақша дақылдары

12 000

2.

Өнеркәсіп үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін қолдана отырып өсірілген көкөніс және бақша дақылдары



48 000

3.

Өнеркәсіп үлгідегі жабық топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналым)



2 000 000

4.

Жеңілдетілген үлгідегі жабық топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналым)

300 000


      Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар - жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған іс-шаралардың қаражат көлемі 41 235 000 теңге (қырық бір миллион екі жүз отыз бес мың теңге) құрайды.
 

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2013 жылғы 09 тамыздағы
№ 241 қаулысына 2 - қосымша

Субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған субсидиялар нормалары

р/б

Субсидияланатын тыңайтқыш түрлері

Өлшем бірлігі

Бір бірліктің құнын арзандату пайызы, дейін

Бір бірлікке арналған субсидия нормативі, теңге

1.

Аммиак селитрасы (N-34.4)

тонна

50

28 900

2.

Аммофос (N-10: P2О5-46)

тонна

50

45 000


Маңғыстау облысы әкімдігінің
2013 жылғы 09 тамыздағы
№ 241 қаулысына 3 - қосымша

Субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған субсидиялар нормалары

р/б

Субсидияланатын тыңайтқыш түрлері

Өлшем бірлігі

Бір бірлік-
тің құнын арзанда-
ту пайызы, дейін

Бір бірлікке арналған субсидия нормативі, теңге

1.

Новалон (N-13: P-40: K-13+ ТЕ)

килограмм

30

177

2.

Новалон (N-19: P-19: K-19+2MgO +TE)

килограмм

30

157

3.

Новалон (N-03: P-07: K-37 + 2MgO +TE)

килограмм

30

154

4.

Монокалий фосфат

тонна

30

33 800

5.

Суға ерігіш кальций нитраты (кальций селитрасы)

тонна

30

16 400

6.

Калий нитраты

тонна

30

26 000

7.

Магний сульфаты

тонна

30

17 200

      Тыңайтқыштардың (органикалық қоспағанда) құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген (формуляциялаған) гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындардың құнын арзандатуға арналған іс-шараларға қажетті қаражаттың көлемі 13 314 000 теңге (он үш миллион үш жүз он төрт мың теңге).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады