Ақтау қаласы және Өмірзақ ауылы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау Қағидасы туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/194 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 қаңтарда № 2344 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 мамырдағы № 25/388 шешімімен

      Ескерту: Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 21.05.2015 № 25/388 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ақтау қаласы және Өмірзақ ауылы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау туралы Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 


      Сессия төрағасы                         Р. Борашов

      Облыстық
      мәслихат хатшысы                        Б. Жүсіпов
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Ақтау қалалық кәсіпкерлік,
      ауыл шаруашылығы
      және ветеринария бөлімінің басшысы
      Ж. Тоқбаева
      2013 жылғы 10 желтоқсан
 

      Ақтау қаласы ішкі істер
      басқармасының бастығы
      Б. Ақшауов
      2013 жылғы 10 желтоқсан
 

      Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық
      бақылау және қадағалау
      комитетінің Ақтау қалалық
      аумақтық инспекциясының басшысы
      Е. Сынабаев
      2013 жылғы 10 желтоқсан
 
 

Облыстық мәслихаттың
2013 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 13/194 шешімімен бекітілген
 

Ақтау қаласы және Өмірзақ ауылы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау туралы Қағидасы
  1. Жалпы ережелер
 

      1. Бұл Ереже Ақтау қаласы және Өмірзақ ауылы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын (бұдан әрі - Қағида) ұстау тәртібін айқындайды.
      2. Қағида, меншік түріне қарамастан, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты.
      3. Қағида Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына және 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» заңына сәйкес әзірленіп, жасалды.
      4. Бұл Қағидада келесідегідей түсініктер қолданылды:
      1) ауыл шаруашылығының қараусыз жануарлары – меншік иесі бар және оның иелігінен (қарауынан) уақытша босап кеткен; иесі болмаған немесе иесі белгісіз ауыл шаруашылығы жануарлары; сондай-ақ оның иесі меншік құқығынан бас тартқан ауыл шаруашылығы жануары;
      2) ветеринариялық құжаттар – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы бір мәрте болатын жағдай туралы жануарға, жануардан алынатын өнімге және шикізатына ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен жануарлардың, жануардан алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;
      3) ветеринариялық іс-шаралар – ауыл шаруашылық жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), бөлек қою және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, ұқсастыру рәсімін қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;
      4) ветеринариялық паспорт - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысандағы құжат, онда: малды есепке алу мақсатында малдың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;
      5) ауыл шаруашылығы жануарларының иесі – өз меншігінде немесе басқадай меншікте ауыл шаруашылығы жануарлары бар жеке немесе заңды тұлға;
      6) жануарлар – ауылшаруашылық жануарлары (ірі қара мал, қой, ешкі, жылқы, түйе);
      7) қоғамдық орындар – адамдардың көп жиналатын немесе адамдардың жиналуы мүмкін орындар, оның ішінде көшелер, бақтар, саябақтар және азаматтардың демалатын өзге орындары, шомылатын жерлер, стадиондар, сауық шаралары жүргізілетін орындар;
      8) жануарларға арналған пана – қараусыз жануарларды уақытша ұстау үшін арналған арнайы жабдықталған нысандар;
      9) жануарларды ұстау – иелерінің жануарларды ұстау әрекеттері, ветеринарлық-санитарлық қолайлы жағдайларды сақтай отырып өсіру, тұқым алу, сондай-ақ адамдардың және жануарлар қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі іс әрекеттері;
      10) жануарларды бірегейлендіру – деректер базасына жануарлар туралы мәліметтерді енгізе отырып және жануарларға арналған ветеринариялық паспортты бере отырып бірдейлендіру құралдарын (заттарын) қолдану, таңбалау жолымен жануарға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі;
      11) жануарларды бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысанда мал иелерінің талап етуі бойынша тиісті аумақтық-әкімшілік бірлікте ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері ауыл шаруашылығы жануарын ұқсастыру жөніндегі дерекқордан алатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер;
      12) жануарларды бірдейлендіру жөніндегі деректер базасы - ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін ветеринариялық есептің бөлігі;
      13) аймақ – жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотия жағдайымен сипатталатын, әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарамастан шартты түрде шектелген аумақ;
      14) инсектицидті дәрі-дәрмектер – зиянды жәндіктермен күресудің химиялық құралдары;
      15) дезинфекция, дезинсекция және дератизация – жұқпалы және паразиттік ауруларды қоздырғыштарды, тұрмыстық жәндіктерді және кеміргіштерді өндірістік, тұрғын үй ғимараттарында, көлікте, қоғамдық орындардың жайларында және аумақтарда жоюға арналған алдын алу шаралары.
 

2. Ауылшаруашылық жануарларын ұстау


      5. Ауыл шаруашылығы жануарларын қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкес мал жаюға арнайы бөлінген, жабдықталған жабық орындарда, тұрғын үйлерден, пәтерлерден, мектептерден, емдеу және балалар мекемелерінен, бақтардан, хайуанаттар бағынан, стадиондардан, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарынан, сауда, тамақ өнеркәсібі, жалпы демалатын орындардан, балаларды сауықтыру орындарынан, демалыс үйлерінен, шипажайлардан, жасанды су қоймаларынан, артезиан құдықтарынан және өзен жағалауы мен оның сағасынан қашықтықта ұстау керек.
      6. Жануарларды ұстайтын орын апта сайын механикалы түрде тазалануы және дезинфекциялануы тиіс: мал тезегі мен жем-шөптердің қалдықтары және қоқыстар өз уақытында арнаулы белгіленген орындарға шығарылады.
      7. Жылдың жылы мезгілдерінде, яғни наурыздан қараша айына дейін жануарлар тұратын орындарды жәндіктерге, кеміргіштерге (тышқандар, егеуқұйрықтар) қарсы күрес мақсатында ай сайын инсектицидтер мен дератизаторлық препараттарымен зарарсыздандыру керек.
      8. Ветеринариялық есепке алу мен бірегей есептiлiк эпизоотиялық жағдайға, нысандардың ветеринариялық-санитариялық жағдайына баға беру үшін, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалаудың ветеринариялық қағидаларды сақтауына, жүргiзiлген диагностикалық, эпизоотияға қарсы, емдiк, ветеринариялық-санитариялық және жою iс-шараларына мониторинг жүргізіп, бағалау үшін жүргізіледі.
      9. Жеке тұрғын үй иелеріне бір жанұя болып тұрған жағдайда, ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды ветеринарлық-санитарлық ережелерінің талаптарын сақтай отырып, жабдықталған тұрақта ұстауға болады.
      10. Жеке тұрғын үйде бір жанұядан да басқа отбасылары тұрған жағдайда ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды олардың келісімімен ветеринарлық және санитарлық ережелерінің талаптарын сақтай отырып, арнайы жабдықталған тұрақта ұстауға болады.
      11. Ауыл шаруашылығы жануарларын сату, беру, алу ветеринариялық паспорт негізінде ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген үлгідегі ветеринариялық құжат берген жағдайда ғана рұқсат етіледі.
      12. Ауыл шаруашылығы жануарларын әуе, су, теміржол жолдарымен тасымалдау сол көлік түрлерінің тасымалдау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      13. Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес айқындалған санитарлық аймақтың шекарасында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, көбейтуге, айдап өтуге тыйым салынады.
      14. Ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өткенде, жайғанда, серуендеткенде тұрғындардың қауіпсіздігіне жануардың иелері жауап береді. Көшелерде, алаңдарда, гүлзарларда, басқа қоғамдық көпшілік пайдаланатын орындарында, қала бойынша ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында жануарларды жаюға тыйым салынады.
      15. Ауыл шаруашылығы жануарларды қаланың тұрғын үй қорының пәтерлерінде ұстауға тыйым салынады.
      16. Адамдардың денсаулығына және жануарларға қауіп туғызатын жануарларды алу және жою Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі. Егер жануар клиникалық сау деп танылған жағдайда иесіне қайтарылады.
      17. Көшелерде, алаңдарда, саябақтарда және басқа жалпылай пайдаланатын қоғамдық орындарда бағушысыз бос жүрген ауыл шаруашылығы жануарлары қараусыз жануарлар деп есептеледі және арнайы жабдықталған орындарға иесі табылғанға дейін қамауға жатады.
      18. Иесі табылмаған қараусыз ауыл шаруашылығы жануарларын арнайы жабдықталған орынға жеткізу, тасымалдау, күзету, ұстау (жемдеу, суару, ветеринарлық қызмет көрсету) үшін шыққан шығындардың орнын қараусыз малды ұстауға жауапты кәсіпорын берген шоттарға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының иелері толтырады.
      19. Егер жұмыс малы мен iрi қараны ұстап алғаны туралы мәлiмделген кезден бастап алты ай iшiнде және мүйізді ірі мал, жылқы, түйе, мүйізді ұсақ мал – екi ай iшiнде, олардың меншiк иесi табылмаса – мемлекеттік меншікке өткізіледі.


3. Қағиданың сақталуын бақылау
 

      20. Ақтау қаласы мен Өмірзақ ауылы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау ережесінің сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілеттік берілген мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
 

4. Қорытынды жағдайлар
 

      21. Осы Ережелерді бұзғаны үшін жануардың иелері Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 310-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      22. Осы Ереже үй жануарларының барлық иелеріне – жеке және басқадай меншігінде ауыл шаруашылығы жануарлары бар жеке және заңды тұлғаларға қатысты жүргізіледі.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады