Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы мәслихатының 25.05.2023 № 3/34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексiне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берiлiп отырған Ақтау қаласы және Өмірзақ ауылы аумағында жануарларды асырау Қағидалары бекiтiлсiн.
2. Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 13/194 "Ақтау қаласы және Өмірзақ ауылы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау Қағидасы туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2344 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 27 қаңтарда жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.
3. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Х. Нұрғалиева |
Облыстық мәслихат хатшысы | Б. Жүсіпов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ақтау қалалық кәсіпкерлік, ауыл
шаруашылығы және ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
Қ.А. Нұрсұлтанов
21 мамыр 2015 жыл.
"Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті
Ақтау қаласының Ішкі істер басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ж.Р. Сәрсембаев
21 мамыр 2015 жыл.
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі ветеринариялық
бақылау және қадағалау комитетінің
Ақтау қалалық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Е.С. Сынабаев
21 мамыр 2015 жыл.
Ескерту. Келісу парағына өзгерістер енгізілді Маңғыстау облыстық мәслихатының 29.09.2017 № 13/159 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 мамырдағы № 25/388 шешімімен бекітілген |
Ақтау қаласы және Өмірзақ ауылы аумағында жануарларды асырау туралы Қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида Ақтау қаласы және Өмірзақ ауылы аумағында жануарларды асырау (бұдан әрі – Қағида) тәртібін айқындайды.
2. Қағида, меншік түріне қарамастан, жануарларды асырайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты.
3. Қағида "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленіп, жасалды.
4. Осы Қағида да келесі ұғымдар қолданылады:
1) қараусыз жануарлар – меншік иесі бар және оның иелігінен (қарауынан) уақытша босап кеткен, иесі болмаған немесе иесі белгісіз жануарлар, сонымен қатар иесі меншік құқығынан бас тартқан ауыл шаруашылығы жануарлары;
2) ветеринариялық құжаттар – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат; ауыл шаруашылық жануарға, жануардан алынатын өнімге және шикізатына ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын қаланың жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен ауыл шаруашылық жануарлардың, жануардан алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;
3) ветеринариялық іс-шаралар – ауыл шаруашылық жануарлары ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе жоюға; ауыл шаруашылық жануарлары мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;
4) ветеринариялық паспорт – уәкілетті орган белгілеген нысандағы жануарды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетілген құжат;
5) ауыл шаруашылығы жануарларының иесі – өз меншігінде немесе басқадай меншікте ауыл шаруашылығы жануарлары бар жеке немесе заңды тұлға;
6) ауыл шаруашылығы жануарлары – ірі қара мал, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер;
7) қоғамдық орындар – адамдардың көп жиналатын немесе адамдардың жиналуы мүмкін орындар, оның ішінде көшелер, бақтар, саябақтар және өзге де азаматтардың демалатын орындары – жағажайлар, стадиондар – ойын-сауық шаралары жүргізілетін орындар;
8) жануарларға арналған пана – қараусыз қалған ауыл шаруашылық жануарларын уақытша асырау үшін арналған арнайы жабдықталған нысандар;
9) жануарларды асырау – жануарлардың тіршілігін, физикалық және психикалық денсаулығын сақтау, ветеринарлық-санитарлық нормаларын сақтай отырып жарамды тұқым алатын, сонымен қатар азаматтар мен жануарлар әлемі өкілдерінің қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалатын жануарлар иелерінің іс әрекеттері;
10) жануарларды бiрдейлендiру – жануарларды бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға жануарлар туралы мәлiметтердi енгiзіп және жануарға ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi;
11) жануарларды бірдейлендіру жөніндегі дерекқор – диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын бөлімшелер жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі;
12) жануарларды бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме –тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын, жергілікті атқарушы орган бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері жануарды бірдейлендіру жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысанда дерекқордан алатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануарлар иелерінің талап етуі бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер;
13) аймақ – жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотия жағдайымен сипатталатын, әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарамастан шартты түрде шектелген аумақ;
14) инсектицидті дәрі-дәрмектер – зиянды жәндіктермен күресудің химиялық құралдары;
15) дезинфекция, дезинсекция және дератизация – жұқпалы және паразиттік ауруларды қоздырғыштарды, тұрмыстық жәндіктерді және кеміргіштерді өндірістік, тұрғын үй ғимараттарында, көлікте, қоғамдық орындардың үй жайларында және аумақтарда жүйелі түрде жүргізілетін жоюға арналған алдын алу шаралары.
2. Жануарларды асырау
5. Ауыл шаруашылығы жануарларын қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкес тұрғын үйлерден, пәтерлерден, мектептерден, емдеу және балалар мекемелерінен, саябақтардан, хайуанаттар бағынан, стадиондардан, қоғамдық тамақтандыру, сауда кәсіп орындарынан, тамақ өнеркәсібінен, жалпы демалатын орындардан, балаларды сауықтыру лагерлерінен, демалыс үйлерінен, шипажайлардан, жасанды су қоймаларынан, артезиан құдықтарынан және өзен жағалауы мен сағаларынан қашықтықта орналасқан арнайы жабдықталған (жабық) жайларда асырау керек.
6. Ауыл шаруашылық жануарларын асырайтын орын күнделікті механикалы түрде тазалануы және апта сайын дезинфекциялануы тиіс. Мал тезегі, жапасы, жем-шөптердің қалдықтары және қоқыстар өз уақытында осыған арналған белгіленген орындарға шығарылады.
7. Жылдың жылы мезгілдерінде (наурыздан қараша айына дейін) ауыл шаруашылығы жануарлары тұратын орындарды жәндіктерге, сонымен қатар кеміргіштерге (тышқандар, егеуқұйрықтар) қарсы күрес мақсатында ай сайын инсектицидтер мен дератизаторлық препараттарымен зарарсыздандыру керек.
8. Ветеринариялық және бірегей есепке алу эпизоотиялық жағдайды, нысандардың ветеринариялық-санитариялық ахуалын бағалау, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалаудың және ветеринариялық қағидалардың сақталуын, сондай-ақ жүргiзiлген диагностикалық, эпизоотияға қарсы, емдiк, ветеринариялық-санитариялық және жою iс-шараларының көлемін және тиімділігін анықтау үшін жүргізіледі.
9. Жеке тұрғын үй иесіне, онда бір жанұя болып тұрған жағдайда, ауыл шаруашылығы жануарларын белгіленген ветеринарлық-санитарлық нормаларын сақтай отырып, арнайы жабдықталған жабық тұрақта асырауға рұқсат беріледі.
10. Жеке тұрғын үй иесіне, онда бір жанұядан артық отбасылары тұрған жағдайда, сол тұрған үйге көрші тұратын отбасылардың келісімімен белгіленген ветеринарлық-санитарлық нормаларын сақтай отырып, арнайы жабдықталған жабық тұрақта ауыл шаруашылығы жануарларын асырауға рұксат етіледі.
11. Ауыл шаруашылығы жануарларын сату, әкелу және әкету ветеринариялық паспорт негізінде ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен берілетін белгіленген үлгідегі ветеринариялық құжатты рәсімдеген жағдайда ғана рұқсат етіледі.
12. Ауыл шаруашылығы жануарларын әуе, су, теміржол көліктерімен тасымалдау осындай көлік түрлерінің тасымалдау Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
13. Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес белгіленген санитарлық аймақтың шекарасынан тыс жерде жануарларды асырауға, өсіруге, жаюға, айдап өтуге тыйым салынады.
14. Ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өткенде, жайғанда және серуендеткенде тұрғындардың қауіпсіздігіне жануардың иелері жауап береді. Көшелерде, алаңдарда, гүлзарларда, басқа да жалпы қоғамдық пайдаланатын орындарында және қаланың ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында малдарды жаюға тыйым салынады.
15. Ауыл шаруашылығы жануарларын қаланың тұрғын үй қорының пәтерлерінде асырауға тыйым салынады.
16. Жануарлардың және адамдардың денсаулығына аса қауіп туғызатын жануарларды алу және жою Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі. Егер жануар клиникалық сау деп танылған жағдайда ол иесіне қайтарылады.
17. Көшелерде, алаңдарда, саябақтарда және басқа да жалпы пайдаланатын қоғамдық орындарда және қаланың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда бағушысыз жүрген ауыл шаруашылық жануарлары қараусыз ауыл шаруашылық жануарлары деп есептеледі және уақытша ұстау үшін арнайы жабдықталған орындарға иесі табылғанға дейін қамауға жатады.
18. Бақылаусыз қалған ауыл шаруашылығы жануарларын арнайы жабдықталған орынға жеткізу, тасымалдау, күзету, асырау (жемдеу, сумен қамтамасыз ету, ветеринариялық қызмет көрсету) шығындарын бақылаусыз жануарларды асырауға жауапты кәсіпорын берген шоттарға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының иелері өтейді.
19. Арнайы жабдыкталған орындарда бақылаусыз ауыл шаруашылығы жануарлары алты ай бойы (ірі қара мал, жылқылар, түйелер) және екі ай (мүйізді ұсақ мал) ұсталып, егер олардың меншік иесі табылмаса және оларға өзінің құқығы туралы мәлімдемесе, бұл жануарлар меншік құқығы оларды асырау кезінде болған тұлғаға өтеді.
3. Қағиданың сақталуын бақылау
20. Ақтау қаласы мен Өмірзақ ауылы аумағында жануарларды асырау Қағидасының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілеттік берілген мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
4. Қорытынды ережелер
21. Осы Қағиданы бұзғаны үшін жануардың иелері "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 406-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
22. Осы Қағиданың күші меншік түріне және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан ауыл шаруашылық жануарларының барлық иелеріне, жеке немесе басқадай меншігінде жануарлары бар жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
23. Ауыл шаруашылығы жануарлары арнайы жабдықталған орындарға жеткізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 246- бабының талаптары сақталуы тиіс.