РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 - ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабы 2 тармағына және 7 бабы 2) тармақшасына сәйкес, қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2013 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
2) 50 жастан асқан әйелдер;
3) 55 жастан асқан ерлер;
4) ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) жұмыс жасамаған тұлғалар.
2. «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Н. Хайрлиева) осы қаулы тіркелгеннен кейін оның интернет - ресурста жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Р.Т. Елтизаровқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкiмi Е. Жаңбыршин