Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 15 шілдедегі № 944 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 шілдеде № 2271 тіркелді. Күші жойылды - Ақтау қаласының әкімдігінің 2013 жылғы 14 қарашадағы № 1498 қаулысымен

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтау қаласының әкімдігінің  2013 жылғы 14 қарашадағы № 1498 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» 2013 жылғы 24 сәуірдігі № 555 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29 - тармағының 2) тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес Өмірзақ селосы әкімдігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын тегін орналастыруға арналған орындар белгіленсін.
      2. Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Р.Т. Елтизаровқа Өмірзақ селосы әкімдігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын тегін орналастыруға арналған орындарды қажетті мөлшерде стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру тапсырылсын.
      3. Осы қаулының орындалысын бақылау және оның қала әкімдігінің веб - сайтында міндетті түрде жариялануын қамтамасыз ету Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Р.Т. Елтизаровқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қала әкімі                              Е. Жаңбыршин
 

Ақтау қаласы әкімдігінің
15 шілде 2013 жылғы
№ 944 қаулысына қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

Қала және елді мекеннің атауы Орналасу орны

Өмірзақ селосы

Монтаждық басқарма -3, «Рауан» және «Приморский» Приозерный-1, Приозерный-2, Приозерный-3 орталық көшелеріндегі аялдамалар; Өмірзақ селосының орталық көшелеріндегі аялдамалары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады