Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 04.04.2018 № 190 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" № 555 Жарлығына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қала аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп белгіленген және осы қаулыға қоса беріліп отырған "Ауыл әкімдеріне кандидаттар үшін баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы тізбесі" бекітілсін.
2. Теңге, Қызылсай және Рахат ауылы әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарын стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
3. Жаңаөзен қаласы әкімінің аппарат басшысы (Д.Есенова.) осы қаулының интернет - ресурста жариялануын жүзеге асырсын.
4. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің аппарат басшысы Д.Есеноваға жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С. Трұмов |
Келісілді:
Жаңаөзен қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы
Б.Базылов
04 шілде 2013 жыл
2013 жылғы 04 шілдеде № 337 Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Ауыл әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы тізбесі
Жаңаөзен қаласы бойынша:
1) Маңғыстау көшесі, "Өркен" шағынауданындағы № 20 үйінің сол жағынан 40 метр қашықтықта орналасқан тақта;
2) Сатпаев көшесі, "Тәуелсіздік" алаңының алдынан 20 метр қашықтықта орналасқан тақта;
3) Сатпаев көшесі, "Шаңырақ" шағынауданындағы № 27 үйінің сол жағынан 30 метр қашықтықта орналасқан тақта;
4) Қосқұлақов көшесі, "Самал" шағынауданындағы № 11/26 үйінің көше жағынан 30 метр қашықтықта орналасқан тақта;
5) Бейбітшілік көшесі, "Мұнайшы" мәдениет үйі ғимаратының сол жағынан 30 метр қашықтықта орналасқан тақта;
6) Қалалық перзентхана ғимаратының сол жағынан 20 метр қашықтықта орналасқан тұғырлық.
Теңге ауылы бойынша:
1) Марабаев даңғылы, "Болашақ" дүкенінің алдынан 40 метр қашықтықта орналасқан тақта.
Қызылсай ауылы бойынша:
1) № 4 орта мектебінің алдынан 200 метр қашықтықта орналасқан тақта.
Рахат ауылы бойынша:
1) № 18 орта мектебінің алдынан 40 метр қашықтықта орналасқан тақта.