Аудандық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 тамыздағы № 12/128 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 қыркүйекте № 2297 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 18/197 шешімімен

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 24.04.2014 № 18/197 шешімімен.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 12 100 (он екі мың бір жүз) теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е. Таджибаев).
      3. «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (А. Мееров) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның интернет - ресурста жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 


      Сессия төрағасының өкілеттігін
      жүзеге асырушы, аудандық
      мәслихаттың хатшысы                     А. Мееров
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
 

      «Қарақия аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Рысбаев Қайрат Ерсұлтанұлы
      2013 жыл 26 тамыз
 

      «Қарақия аудандық экономика
      және қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Әбдіхалықова Әлия Жұмабайқызы
      2013 жыл 26 тамыз
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады