Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 17 шілдедегі № 7/71 және аудан әкімдігінің 2008 жылғы 03 шілдедегі № 159 "Құрық селосы мен Мұнайшы кентінің шекараларын өзгерту туралы" бірлескен шешімі мен қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 15/146 шешімі және Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 281 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 қаңтарда № 2352 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Құрық селосы мен Мұнайшы кентінің шекараларын өзгерту туралы» Қарақия аудандық мәслихатының 2008 жылғы 17 шілдедегі № 7/71 және Қарақия ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 03 шілдедегі № 159 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 05 тамызда № 11-4-62 болып тіркелген, «Қарақия» газетінде 2008 жылғы 12 тамызда № 34-35 (260-261) жарияланған) бірлескен шешімі мен қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
      Қазақ тіліндегі мәтіннің тақырыптағы және бүкіл мәтін бойынша «кенті», «кентінің», «селосы», «селосының» деген сөздер тиісінше «ауылы», «ауылының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      Орыс тіліндегі мәтіннің тақырып және бүкіл мәтін бойынша «поселок», «поселка» деген сөздер тиісінше «село», «села» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Таджибаев).
      3. «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (А.Мееров) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның интернет - ресурста жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы                         Б. Дусупов

      Аудан әкімі                             Ә. Дауылбаев

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                     А. Мееров
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады