Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 07.07.2016 № 220 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14-1) және 14-3)тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмыс іздеуде қиыншылық тартып жүрген, қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай - ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін, Маңғыстау ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 20.10.2014 № 320(жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Маңғыстау ауданында жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай - ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленген квотаға сәйкес, қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай - ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған тұлғалар үшін бос жұмыс орындарына орналасу бағытын қамтамасыз етеді.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж.Айтуаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
С.Н. Каимова
26 ақпан 2013 ж.