Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы N 61 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 10 сәуірде N 2238 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 15.05.2023 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабы 1 - тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413 - IV "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Заңының 18 - бабы 22) тармақшасы және 31 бабы, Қазақстан Республикасы Премьер - Министрiнiң 2011 жылғы 18 сәуiрдегi № 49 - ө "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" өкiмiне сәйкес, Түпқараған ауданының әкiмдiгі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 15.05.2023 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасының орындалуы "Түпқараған аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Ж.Ж.Төлеген) тапсырылсын.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Меңдіхановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі Т.Т.Асауов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Түпқараған аудандық экономика

      және қаржы бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы м.а.

      Төлеген Жанаргүл Жанайымқызы

      11 наурыз 2013 жыл

      "Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы

      және ветеринария бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      Жұмағазиев Аманқос Даулетжанұлы

      11 наурыз 2013 жыл

  Түпқараған ауданы әкiмдiгінің
11 наурыз 2013 жылғы
№ 61 қаулысына қосымша

Коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды келiп түсу және пайдалану қағидалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 15.05.2023 №70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды келiп түсу және пайдалану қағидалары (әрі қарай- Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Заңына сәйкес жасақталды және коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды келiп түсу және пайдалану тәртiбiн айқындайды.

      2. Өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзінің бағуындағы жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар аудандық коммуналдық меншікке түседі және осы қағидалармен айқындалған тәртіппен пайдаланылады.

2-тарау. Қараусыз қалған жануарлардың аудандық коммуналдық меншiкке келіп түсуi

      3. Қараусыз қалған жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке келіп түсуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі негізінде жүзеге асырылады. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі қараусыз қалған жануарларды берген тұлғаның, тиісті ауыл, ауылдық округ әкімінің, "Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің және "Түпқараған аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – экономика және қаржы бөлімі) қатысуымен жасалады.

3-тарау. Қараусыз қалған жануарларды пайдалану

      4. Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретiлген жануарларды ұстап алған адам оларды меншiк иесiне қайтаруға, ал егер оның өзi немесе тұрған жерi белгiсiз болса, осындай жануарларды ұстаған кезден бастап үш күннен кешiктiрмей табылған жануарлар туралы iшкi iстер органдарына немесе жергілікті атқарушы органдарына мәлiмдеуге мiндеттi, олар меншiк иесiн iздестiру шараларын қолданады.

      Жануарлардың меншiк иесiн iздестiру кезеңiнде жануарларды ұстаушы адам оларды өзiнiң бағуында және пайдалануында қалдыруы, не ол бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар басқа адамға тапсыруы мүмкiн. Жануарларды ұстап алған адамның өтiнiшi бойынша оларды бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар адамды iздеп табуды және оларға жануарларды берудi жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

      5. Жануарларды ұстап алған адам және олар бағуы мен пайдалануына берiлген адам жануарлардың өлiм-жiтiмi мен iске жарамай қалғаны үшiн бұған кiнәсi болған кезде ғана және сол жануарлардың құны мөлшерiнде жауапты болады.

      6. Жануарларды меншiк иесiне қайтарған ретте жануарларды ұстап алған адам және жануарларды бағып және пайдаланып келген адам сол меншiк иесiнен жануарларды пайдаланудан алынған пайданы есепке жатқыза отырып, оларды бағуға байланысты өз шығындарына өтем алуға құқылы.

      7. Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретiлген жануарларды ұстап алған адам олардың меншiк иесiнен Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекстiң 245-бабының 6-тармағына сәйкес сыйақы төлеудi талап етуге құқылы.

4-тарау. Қараусыз қалған жануарларға меншік құқығының пайда болуы

      8. Егер жұмыс малы мен iрi қараны ұстап алғаны туралы мәлiмделген кезден бастап алты ай iшiнде және басқа үй жануарлары жөнiнде - екi ай iшiнде олардың меншiк иесi табылмаса және оларға өзiнiң құқығы туралы мәлiмдемесе, бұл жануарларға меншiк құқығы жануарларды баққан және пайдаланған адамға көшедi.

      9. Жануарлар басқа адамның меншiгiне көшкеннен кейiн олардың бұрынғы меншiк иесi келген ретте сол жануарлардың өзiне үйiрсектiгi сақталғанын немесе жаңа меншiк иесiнiң оларға қатал не өзгедей мейiрiмсiз қарағанын дәлелдейтiн жағдайлар болған кезде меншiк иесi жаңа меншiк иесiмен келiсiм бойынша белгiленетiн шарттармен, ал келiсiмге келмеген кезде - сот арқылы оларды өзiне қайтарып берудi талап етуге құқылы.

5-тарау. Қорытынды ереже

      10. Қараусыз қалған жануарларды сатудан түскен қаражат Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте толығымен жергiлiктi бюджет кiрiсiне толық есептеледi.

      11. Қараусыз қалған жануарларды есепке алуға, бағалауға, сақтауға және одан әрі пайдалану жөніндегі өзге де шығындарға байланысты шығыстар жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады