Мұнайлы ауданының аумағында сайлау өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізінде үй-жайларды беру туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 02 шілдедегі № 140-қ қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 05 шілдеде № 2262 тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 98-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 27.05.2019 № 98-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 4 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 03.09.2014 № 280-қ(жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Мұнайлы ауданының аумағында сайлау өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй - жайлар берілсін.

      2. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Б.Біләлов) Маңғыстау облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы қаулыны аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Біләловке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әкім

Е. Әбілов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Мұнайлы аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      Е.Овезов

      02 шілде 2013 жыл

  2013 жылғы 02 шілдедегі № 140-қ
Мұнайлы ауданы әкімдігінің қаулысына
қосымша

Мұнайлы ауданының аумағында сайлау өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 03.09.2014 № 280-қ(жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Ауыл және ауылдық округтің атауы

Кездесу өткізілетін үй-жай

Маңғыстау ауылы

№ 1 орта мектептің акт залы

Қызылтөбе ауылдық округі

Қызылтөбе ауылдық мәдениет үйі

Баянды ауылы

№ 3 орта мектептің акт залы

Дәулет ауылдық округі

№ 4 орта мектептің акт залы

Атамекен ауылдық округі

№ 7 орта мектептің акт залы

Басқұдық ауылдық округі

№ 9 орта мектептің акт залы

Батыр ауылдық округі

№ 10 орта мектептің акт залы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады