РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қосымшаға сәйкес Федоров ауданының "Тұщыландырылған белдеу" жер асты суларының кен орны Федоров шаруашылық-ауыз су тартуының № 9801, № 9802, № 9803, № 9804, № 9805, № 9806, № 9807 ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Садуақасов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Қостанай облысы бойынша
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры
_______________ Б. Кенжебаев
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________________ Г. Оспанбекова
Әкімдіктің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 49 қаулысына қосымша |
Федоров ауданының "Тұщыландырылған белдеу"
жер асты суларының кен орны Федоров шаруашылық-ауыз
су тартуының № 9801, № 9802, № 9803, № 9804, № 9805,
№ 9806, № 9807 ұңғымалары учаскесінде
санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту | Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері | |||||
І-белдеу | І-белдеу | ІІІ-белдеу | ||||
Шекарасы | Ауданы | Шекарасы | Ауданы | Шекарасы | Ауданы | |
№ 9801, |
Радиусі - |
5,50 |
Радиусі - |
27,57 |
Радиусі - әр |
943,97 |
Ескерту: "Тұщыландырылған белдеу" жер асты суларының кен орны Федоров су тартуының №№ 9801-9807 ұңғымалары учаскесінің санитарлық қорғау аймағының санитарлық-гидрологиялық негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Чистый колодец" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).