Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 3 қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2013 жылғы 29 мамырдағы № 148 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 3 шілдеде № 4172 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және аудандық өкілді және атқарушы органдардың пікірлерін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Тұрғындарының саны 50 адамнан кем мына елді мекендер таратылсын:
      Амангелді ауданы Қабырға ауылдық округінің Алакөл ауылы;
      Амангелді ауданы Байғабыл ауылдық округінің Көкпектікөл ауылы;
      Амангелді ауданы Амантоғай ауылдық округінің Қаражар ауылы;
      Амангелді ауданы Құмкешу ауылдық округінің Құстөбе ауылы;
      Амангелді ауданы Амангелді ауылдық округінің Мұқыр ауылы;
      Әулиекөл ауданының Речной ауылы;
      Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылдық округінің Жилгородок ауылы;
      Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылдық округінің Торғай бұғазы ауылы;
      Әулиекөл ауданы Новонежин ауылдық округінің Миалы ауылы;
      Әулиекөл ауданы Тимофеев ауылдық округінің Бұлақсор ауылы;
      Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округінің Жарықатыз ауылы;
      Әулиекөл ауданы Шағала ауылдық округінің Қарағансай ауылы;
      Әулиекөл ауданы Шағала ауылдық округінің Шағала ауылы;
      Денисов ауданы Әйет ауылдық округінің Тастыкөл ауылы;
      Денисов ауданы Әйет ауылдық округінің Синегорск ауылы;
      Денисов ауданы Тельман ауылдық округінің Шұңқыркөл ауылы;
      Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің Ивангородское ауылы.
      2. Таратылған елді мекендер енгізілсін:
      Алакөл ауылы Амангелді ауданы Қабырға ауылдық округі Қабырға ауылының құрамына;
      Көкпектікөл ауылы Амангелді ауданы Байғабыл ауылдық округі Байғабыл ауылының құрамына;
      Қаражар ауылы Амангелді ауданы Амантоғай ауылдық округі Амантоғай ауылының құрамына;
      Құстөбе ауылы Амангелді ауданы Құмкешу ауылдық округі Құмкешу ауылының құрамына;
      Мұқыр ауылы Амангелді ауданы Амангелді ауылдық округі Есір ауылының құрамына;
      Речной ауылы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің құрамына;
      Жилгородок ауылы Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылдық округі Аманқарағай ауылының құрамына;
      Торғай бұғазы ауылы Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылдық округі Лесное ауылының құрамына;
      Миалы ауылы Әулиекөл ауданы Новонежин ауылдық округі Калинин ауылының құрамына;
      Бұлақсор ауылы Әулиекөл ауданы Тимофеев ауылдық округі Тимофеевка ауылының құрамына;
      Жарықатыз ауылы Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округі Черниговка ауылының құрамына;
      Қарағансай ауылы Әулиекөл ауданы Шағала ауылдық округі Көктал ауылының құрамына;
      Шағала ауылы Әулиекөл ауданы Шағала ауылдық округі Көктал ауылының құрамына;
      Тастыкөл ауылы Денисов ауданы Әйет ауылдық округі Әйет ауылының құрамына;
      Синегорск ауылы Денисов ауданы Әйет ауылдық округі Әйет ауылының құрамына;
      Шұңқыркөл ауылы Денисов ауданы Тельман ауылдық округі Шыбынды ауылының құрамына;
      Ивангородское ауылы Федоров ауданы Костряков ауылдық округі Курское ауылының құрамына.
      3. Қайта құрылсын:
      Тимофеев ауылдық округі Әулиекөл ауданының Тимофеевка ауылы;
      Шағала ауылдық округі Әулиекөл ауданының Көктал ауылы;
      Маяк ауылдық округі Сарыкөл ауданының Маяк ауылы.
      4. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қостанай облысының әкімі
_______________ Н. Садуақасов

Сессия төрайымы
______________ Д. Космухамбетова


Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
______________ С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады