Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қосымшаға сәйкес Қамысты ауданындағы Красногор кең орнының № 1 рэ ұңғымасы учаскесінде жер асты суларының шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н.Садуақасов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің
Қостанай облысы бойынша
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры
_______ Б. Кенжебаев
"Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрлігінің Су
ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау
жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы"
республикалық мемлекеттiк
мекемесінің басшысы
________ Г. Оспанбекова
Әкімдіктің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 243 қаулысына қосымша |
Қамысты ауданындағы Красногор кең орнының № 1 рэ ұңғымасы учаскесінде жер асты суларының шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары
Су | Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері | |||||
І - белдеу | ІІ - белдеу | ІІІ - белдеу | ||||
шекарасы | ауданы | шекарасы | ауданы | шекарасы | ауданы | |
№ 1 рэ |
Радиусі |
0,785 |
Ұзынды- |
0,36 |
Ұзындығы |
8,91 |
Ескерту: № 1 рэ ұңғымасының санитарлық қорғау аймақтары жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші - "Шаймерден" акционерлік қоғамы).