Қостанай ауданында орналасқан "Одак" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің № 03029 ұңғыма учаскесінде санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 242 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 шілдеде № 4189 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қосымшаға сәйкес Қостанай ауданында орналасқан "Одак" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің № 03029 ұңғыма учаскесінде санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің Қостанай
      облысы бойынша департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің директоры
      ___________________ Б. Кенжебаев
      "Қазақстан Республикасы Қоршаған
      ортаны қорғау министрлігінің Су
      ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
      бассейндік инспекциясы"
      республикалық мемлекеттiк
      мекемесінің басшысы
      ________________ Г. Оспанбекова

  Әкімдіктің
2013 жылғы 17 маусымдағы
№ 242 қаулысына қосымша

Қостанай ауданында орналасқан "Одак"
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
№ 03029 ұңғыма учаскесіндегі санитарлық
қорғау аймақтары

Су тарту
көзінің
атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І - белдеу

ІІ - белдеу

ІІІ - белдеу

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

№ 03029
ұңғыма

Радиусі -
әр
ұңғыманың
айнала-
сына 30
метр

2,0
гектар

Ұзындығы –
500,0 метр
Ені –
400,0 метр

20,0
гектар

Ұзындығы –
825,0 метр
Ені –
800,0 метр

56,0
гектар

      Ескерту: Қостанай облысы Қостанай ауданындағы "Одак" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің № 03029 ұңғыма учаскесінде санитарлық қорғау аймақтары белдеулерінің мөлшерлерін негіздеу жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші – "Одак" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады