Денисов ауданының Приречное ауылындағы "Алтай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы кешенінің өндірістік объектілері үшін Аршалы-Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 449 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 27 қарашада № 4317 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 03.08.2022 № 344 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Уәкілетті органдармен келісілген, бекітілген жобалық құжаттама негізінде 1-қосымшаға сәйкес Денисов ауданының Приречное ауылындағы "Алтай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы кешенінің өндірістік объектілері үшін Аршалы-Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін.

      2. Денисов ауданының Приречное ауылындағы "Алтай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы кешенінің өндірістік объектілері үшін Аршалы-Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қостанай


облысының әкімі

Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау министрлігі Мемлекеттік

      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау

      комитетінің Қостанай облысы бойынша

      департаменті" мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      _______________ С. Байменова

      "Қазақстан Республикасы Қоршаған

      ортаны қорғау министрлігі

      Су ресурстарын пайдалануды реттеу

      және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай

      бассейндік инспекциясы" республикалық

      мемлекеттiк мекемесінің басшысы

      ________________ Г. Оспанбекова

      "Қазақстан Республикасы Қоршаған

      ортаны қорғау министрлігі Экологиялық

      реттеу және бақылау комитетінің

      Қостанай облысы бойынша экология

      департаменті" мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      ________________ А. Әлімбаев

      "Қазақстан Республикасы Өңірлік

      даму министрлігі Жер ресурстарын басқару

      комитетінің Қостанай облысы бойынша

      аумақтық жер инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ________________ Т. Төлеубаев

  Әкімдіктің
2013 жылғы 16 қарашадағы
№ 449 қаулысына 1-қосымша

Денисов ауданының Приречное ауылындағы
"Алтай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
мал шаруашылығы кешенінің өндірістік объектілері үшін
Аршалы-Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі

Су

объектісі,

оның

учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Орташа

көп

жылдық

судың

сабалық

кемері

(метр)

ұзындығы

(метр)

ені

(метр)

ауданы

(гектар)

ұзын-

дығы

(метр)

ені

(метр)

ауданы

(гектар)

Аршалы-

Әйет өзені

Денисов

ауданының

Приречное

ауылындағы

"Алтай"

жауапкер-

шілігі

шектеулі

серіктес-

тігінің

мал шаруа-

шылығы

кешенінің

өндірістік

объекті-

лері

(су қорғау

аймағы мен

белдеуін

белгілеу

жобасына

тапсырыс

беруші –

"Алтай"

жауапкер-

шілігі

шектеулі

серіктес-

тігі)

580

120-210

9,57

580

100

5,8

140

  Әкімдіктің
2013 жылғы 16 қазандағы
№ 449 қаулысына 2-қосымша

Денисов ауданының Приречное ауылындағы
"Алтай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
мал шаруашылығы кешенінің өндірістік объектілері үшін
Аршалы-Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін
шаруашылықта пайдаланудың режимі
мен ерекше жағдайлары

      1. Су қорғау белдеулерінің шегінде мыналарға жол берілмейді:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабының 7-тармағымен және 145-1-бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 26.07.2021 № 339 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал көмінділерін, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 26.07.2021 № 339 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады