Әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 527 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 желтоқсанда № 4338 болып тіркелді

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3666 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтарда "Костанайские новости" газетінде, 2009 жылғы 30 қаңтарда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесіндегі:
      "

306.

Жаркөл көлі

3200

Қостанай

307.

Жатқамбай көлі

1600

Қостанай

313.

Көкбекті көлі

1750

Қостанай

317.

Қостомар көлі

400

Қостанай

325.

Қонайжаркөл көлі

1600

Қостанай

492.

Қожай көлі

153

Таран

637.

Соркөл көлі

429

Федоров

643.

Тызыгун көлі

1060

Федоров

791.

№ 1 Қонайжаркөл көлі

600

Қостанай

      "
      деген жолдар алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
      облысының әкiмi                            Н. Садуақасов

      КЕЛIСIЛДI:

      "Қазақстан Республикасы Қоршаған
      ортаны қорғау министрлігі Балық
      шаруашылығы комитетінің Тобыл-Торғай
      облысаралық бассейндік балық
      шаруашылығы инспекциясы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің (РММ) басшысы
      _______________ Н. Сәрсенов

      "Қазақстан Республикасы Қоршаған
      ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары
      комитетінің "Су ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
      бассейндік инспекциясы" РММ басшысы
      _______________ Г. Оспанбекова

      "Қостанай облысының экология департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _______________ А. Әлімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады