Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қосымшаға сәйкес Қарабалық ауданындағы жер асты сулары Смирнов орталықтандырылған су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Садуақасов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Қостанай облысы бойынша
департаменті" мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
_______________ С. Байменова
"Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ Г. Оспанбекова
Әкімдіктің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 571 қаулысына қосымша |
Қарабалық ауданындағы жер асты сулары Смирнов
орталықтандырылған су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту көзінің атауы | Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері | |||||
І-белдеу | ІІ-белдеу | ІІІ-белдеу | ||||
шекарасы | ауданы | шекарасы | ауданы | шекарасы | ауданы | |
№ 13, № 14, № 15 ұңғымалар | Радиусі - әр ұңғыманың айналасында 50 метр | 2,355 гектар |
Ұзындығы – 398 метр | 16,557 гектар |
Ұзындығы – 3125 метр | 1242 гектар |
№ 4 ұңғыма | Радиусі – 50 метр | 0,785 гектар | Радиусі – 150 метр | 7,065 гектар | Радиусі – 748 метр | 175,684 гектар |
Ескерту: "Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы жер асты сулары Смирнов орталықтандырылған су тартудың санитарлық қорғау аймағының негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші - Қарабалық ауданы әкімдігінің "Жылу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны).