Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7, 20-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2014 жылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу нақты орындалған жұмыстар үшін ең төменгі айлық жалақының 1,7 мөлшерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.
3. Еңбекақы төлеуге, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерде әлеуметтік салықты төлеуге және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарға, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдеріне, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға тиесілі жалақы есептеу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне комиссиялық сыйақы төлеуге арналған шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелетіні белгіленсін.
4. Қоғамдық жұмыстардың ұйымдастырылуы "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тізбеде белгіленген ұйымдар арасында, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындау шартында көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімнің орынбасарлары Е.О. Теменовке, Е.Ж. Маметековке жүктелсін.
6. Осы қаулы 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Арқалық
қаласының әкімі Ғ. Бекмұхамедов
КЕЛІСІЛДІ:
"Арқалық аймақтық мемлекеттік
мұрағаты" "Қостанай облысының
мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік
мекемесі филиалының бастығы
______________ М. Бопина
"Арқалық қаласы дене тәрбиесі
және спорт бөлімінің "Жігер"
стадионы" мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының директоры
_____________ К. Жарасбай
"Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігі Қостанай облысының
Әділет департаменті Арқалық
қаласының әділет басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________ А. Бекенова
"Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Соты жанындағы Соттардың қызметін
қамтамасыз ету департаментінің
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Соты аппаратының) Қостанай
облысының Арқалық қалалық соты"
мемлекеттік мекемесінің төрағасы
_____________ Б. Нысанбаев
Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігі "Қостанай облысы
Арқалық қаласының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі" республикалық
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________ У. Уразалиев
"Қостанай облысының прокуратурасы"
мемлекеттік мекемесі облыс
прокурорының орынбасары
______________ С. Абденов
Әкімдіктің
2013 жылғы 26 қарашадағы
№ 544 қаулысымен бекітілген
2014 жылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын
жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері,
қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты
жағдайлары, ұйымдардың тізбесі
№ |
Ұйымның атауы |
Жұмыс |
Жұмыс |
Еңбекақы |
Жұмыстардың нақты |
1 |
"Арқа дидары" |
Қызметкердің |
1958,4 |
Ең |
Қоғамдық |
2 |
"Арқалық |
Қызметкердің |
9792 |
Ең |
Қоғамдық |
3 |
"Шаруашылық–А" |
Қызметкердің |
16320 |
Ең |
Қоғамдық |
4 |
"Іскер-Арқалық" |
Қызметкердің |
58752 |
Ең |
Қоғамдық |
5 |
"Арқалықтың |
Қызметкердің |
2448 |
Ең |
Қоғамдық |
6 |
"Тазарту- |
Қызметкердің |
127296 |
Ең |
Қоғамдық |
7 |
"Қазақстан |
Қызметкердің |
3916,8 |
Ең |
Қоғамдық |
8 |
"Арқалық |
Қызметкердің |
23500,8 |
Ең |
Қоғамдық |
9 |
"Қазақстан |
Қызметкердің |
5875,2 |
Ең |
Қоғамдық |
10 |
Қазақстан |
Қызметкердің |
5875,2 |
Ең |
Қоғамдық |
11 |
Қостанай облысы |
Қызметкердің |
29376 |
Ең |
Қоғамдық |
12 |
"Арқалық қаласы |
Қызметкердің |
2016 |
Ең |
Қоғамдық |
13 |
"Арқалық қаласы |
Қызметкердің |
20160 |
Ең |
Қоғамдық |
14 |
"Арқалық қаласы |
Қызметкердің |
4032 |
Ең |
Қоғамдық |
15 |
"Қостанай |
Қызметкердің |
7833,6 |
Ең |
Қоғамдық |