Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 30 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 наурызда № 4059 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 80 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 31.03.2021 № 80 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 14) тармақшасына, 8-бабының 4-тармағына, "Әлеуметтiк көмек көрсетiлетiн азаматтарға әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн, көздерiн, түрлерiн және оны беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілердің мынадай санаттарына тегін тамақтандыру ұйымдастырылсын:

      1) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      2) даму мүмкiндiктерi шектеулi балаларға, мүгедек балаларға;

      3) көп балалы отбасылардың балаларына;

      4) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға.

      2. Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілеріне мынадай растайтын құжаттар ұсынылған кезде тегін тамақтандыру ұйымдастырылады:

      1) ата–анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еркін нысандағы жазбаша өтініші;

      2) жетім балалар мен ата–анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін қамқорлықты (қорғаншылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) мүгедек балаларға мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін психологиялық–медициналық-педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі;

      4) көп балалы отбасылардың балалары үшін туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін өтініш берушінің (отбасының) "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама;

      6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін алынған табысы туралы анықтама (жұмыс істейтін ата–аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін кірісі, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі кірістер).

      Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиелену және оқу кезеңінде тегін тамақтану құқығы жыл сайын осы қаулының 2-тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес құжаттарды мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ұсыну арқылы расталуы тиіс.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ташпановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лисаков қаласы әкімінің


міндетін атқарушы

А. Клименко

КЕЛІСІЛДІ:


"Лисаков қаласы әкімдігінің


білім бөлімі" ММ бастығы


________________ Е. Бурдыка


"Лисаков қаласы әкімдігінің


экономика және бюджеттік жоспарлау


бөлімі" ММ бастығы


________________ Н. Турлубекова



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады