Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 17.11.2021 № 82 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.
2. Мыналар айқындалсын:
1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізіледі;
2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне ұсынылады (бұдан әрі - алушы);
3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:
өтінішті;
алушының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);
психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманы;
банк шотының нөмірі туралы мәлеметтерді растайтын құжатты;
оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасын ұсынады.
Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқада және көшірмеде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;
4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ағымында жүргізіледі, әрбір кемтар балаға (балаларға) ай сайын көрсетіледі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 29.10.2014 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.05.2020 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2013 жылғы 2 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға таратады.
Кезектен тыс сессияның төрайымы, | |
қалалық мәслихат хатшысы | Г. Жарылқасымова |
КЕЛІСІЛДІ | |
"Лисаков қаласы әкімдігінің | |
жұмыспен қамту және әлеуметтік | |
бағдарламалар бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | |
_____________ Г. Бермухамбетова | |
"Лисаков қаласы әкімдігінің қаржы | |
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің | |
басшысы | |
________________ Г. Ткалич | |
"Лисаков қаласы әкімдігінің | |
экономика және бюджеттік | |
жоспарлау бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | |
_______________ Н. Турлубекова |