Мәслихаттың 2013 жылғы 4 қазандағы № 155 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2014 жылғы 29 қазандағы № 248 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 қарашада № 5146 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2021 жылғы 17 қарашадағы № 82 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 17.11.2021 № 82 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2013 жылғы 4 қазандағы № 155 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемелекеттік тіркеу тізілімінде 4279 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 7 қарашада "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:

      өтінішті;

      алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты;

      тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысын;

      мүгедектігі туралы анықтаманы;

      банктегі шоттың болуы туралы құжатты;

      мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасын ұсынады;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

ХVII сессиясының төрайымы

Қалалық мәслихат хатшысы

М. Кушибаева

Г. Жарылқасымова


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады