2013 жылға субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 140 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 мамырда № 4140 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес және "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 1-177 ұсыныстары негізінде Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдері 2013 жылдың 5 маусымына дейін белгіленсін.
      2. 2013 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.С. Қазыбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          С. Казыбаев

Әкімдіктің       
2013 жылғы 2 мамырдағы  
№ 140 қаулысына қосымша 

2013 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері

Ауыл шаруашылығы дақылдарының
атауы

Себу мерзімдері

1

Жаздық дәнді дақылдар

15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

2

Бұршақ тұқымдас дақылдар

15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

3

Майлы дақылдар

15 мамырдан бастап
30 мамырға дейін

4

Жемшөптік дақылдар

15 мамырдан бастап
10 маусымға дейін

5

1-ші өсіру жылдарындағы көпжылдық
бұршақ тұқымдас шөптер

бірінші мерзім -
1 мамырдан бастап
31 мамырға дейін,
екінші мерзім -
5 шілдеден бастап
10 қыркүйекке дейін

6

Сүрлемдік жүгері, күнбағыс

15 мамырдан бастап
31 мамырға дейін

7

Көкөніс және бақша дақылдары

25 сәуірден бастап
10 маусымға дейін

8

Картоп

10 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

9

Шабындық жерлерді шалғындандыру
үшін егілген көпжылдық шөптер

бірінші мерзім -
1 мамырдан бастап
31 мамырға дейін,
екінші мерзім -
5 шілдеден бастап
10 қыркүйекке дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады