Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 153 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 қаңтарда № 4417 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 65 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 30.12.2021 № 65 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындарын (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.

      2. Мыналар айқындалсын:

      1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;

      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушылар) ұсынылады;

      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:

      өтінішті;

      алушының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысын;

      мүгедектігі туралы анықтаманы;

      банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты;

      оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасын ұсынады.

      Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;

      4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ағымында жүргізіледі, әрбір кемтар балаға ай сайын көрсетіледі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 03.07.2020 № 32 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2013 жылғы 1 қарашасынан бастап туындаған қатынастарға таратады.

Аудандық мәслихаттың


сессиясының төрағасы

А. Оразбаева

Алтынсарин аудандық


мәслихатының хатшысы

Б. Есмұханов

КЕЛІСІЛДІ:


"Алтынсарин ауданы әкімдігінің


жұмыспен қамту және әлеуметтік


бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік


мекемесінің басшысы


___________________ О. Банкова


"Алтынсарин ауданы әкімдігінің


экономика және қаржы бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің басшысы


___________________ Е. Павлюк



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады