Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы мәслихатының 16.10.2013 № 169 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың 2013 жылғы 5 наурыздағы № 114 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4076 тіркелген, 2013 жылғы 12 сәуірдегі "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешім келесі мазмұндағы 1-тармағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, бір жолғы, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
келесі мазмұндағы 2-тармағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай:
егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат.".
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс | |
сессия төрағасы | Ж. Құсайынов |
Аудандық | |
мәслихат хатшысы | Ә. Саматов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Аманкелді аудандық жұмыспен | |
қамту және әлеуметтік | |
бағдарламалар бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің бастығы | |
________________ М. Тобағабулов | |
"Аманкелді ауданының экономика | |
және бюджеттік жоспарлау бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің бастығы | |
____________________ М. Сакетов |