2013 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 174 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 мамырда № 4132 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдегі 2013 жылғы 1 сәуірден бастап 1 маусымға дейін белгіленсін.
      2. 2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                                Ж. Нұрғалиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің
      ауыл шаруашылығы бөлімі"
      ММ басшысы
      ______________ А.С. Нұғыманов

Әкімдіктің       
2013 жылғы 6 мамырдағы  
№ 174 қаулысына қосымша 

2013 жылға арналған субсидияланатын
басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері
бойынша оңтайлы себу мерзімдері


р/т

Ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы

Себу мерзімдері

1

Жазғы бидай

15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

2

күздік бидай

25 тамыздан бастап
10 қыркүйекке дейін

3

бұршақ тұқымдас дақылдар

15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

4

майлы дақылдар

15 мамырдан бастап
30 мамырға дейін

5

жемшөптік дақылдар

15 мамырдан бастап
10 маусымға дейін

6

көпжылғы бұршақ тұқымдас
шөптер 1-3 өсу жылдарындағы

бірінші мерзім - 1 мамырдан
бастап 31 мамырға дейін,
екінші мерзім - 5 шілдеден
бастап 10 қыркүйекке дейін

7

сүрлемдік жүгері, күнбағыс

15 мамырдан бастап
31 мамырға дейін

8

көкөністер

25 сәуірден бастап
10 маусымға дейін

9

бақша дақылдары

25 сәуірден бастап
10 маусымға дейін

10

картоп

10 мамырдан бастап
31 мамырға дейін

11

көпжылдық шөптер (шабындық
жерлерді шалғындандыру үшін
егілген)

бірінші мерзім - 1 мамырдан
бастап 31 мамырға дейін,
екінші мерзім - 5 шілдеден
бастап 10 қыркүйек дейін

      Бұл ұсыныстар жыл бойғы ауа райының орташа климатына есептелген, ауа райының қолайсыз болған жағдайында егіс мерзімі жылжытылуы мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады