2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 53 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 ақпанда № 4017 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Денисов ауданы әкімінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 07-7/92 хаты)

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның
      пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Денисов ауданы әкімінің 28.01.2014 № 07-7/92 хаты).

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2 тармағына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шараларды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары Е.Н. Поделоға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                В. Ионенко

Әкімдіктің      
2013 жылғы 30 қаңтардағы  
№ 53 қаулысына    
қосымша       

2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі

      1. Техникалық және кәсіптіқ, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілері.
      2. Үш ай және одан көп ай жұмыс істемеген жұмыссыз тұлғалар.
      3. Бұрын жұмыс істемеген жұмыссыздар (жұмыс өтілі жоқ).
      4. Қырық бес жастан асқан тұлғалар.
      5. Уақытша және маусымдық жұмыстардың мерзімдері аяқталуына байланысты жұмыстан шығарылған, жұмыссыздар.
      6. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
      7. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби даярлауды және (немесе) қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды аяқтаған жұмыссыздар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады