Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 4 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 ақпанда № 4051 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 57 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 20.09.2013 № 57 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген, "Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Әлеуметтік көмек:
      1) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар бойынша жедел емделуге, бір жолғы, 50 айлық есептік көрсеткіштен көп емес;
      2) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, шипажай немесе оңалту орталықтарына жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге, бір жолғы, нақты шығындар бойынша;
      3) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша азық-түлік себеті деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктеріне, бір жолғы, 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, бір жолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күні "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті) жұмыссыз ретінде тіркелген болса, бір жолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында Жеңіс Күніне орай, бір жолғы, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға, Ұлы Отан соғысында Жеңіс Күніне орай, бір жолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      8) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға, бір жолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      9) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша, сондай-ақ ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастарға, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге;
      10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын, табыстарын есепке алмай, 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      11) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын, табыстарын есепке алмай, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 26.04.2013 № 20 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 01.05.2013 бастап туындаған қатынастарға таратады).
      2. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.
      3. Мәслихаттың 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 64 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірімен 9-8-183 тіркелген, 2011 жылғы 4 қарашадағы № 44 "Наше Время" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихатының кезектен
      тыс сессиясының төрайымы                   Н. Таран

      Денисов аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Мұрзабаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Денисов ауданы әкімдігінің экономика
      және қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _________________ С.Ф. Рахметова

      "Денисов ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _________________ Д.Т. Мұсылманқұлова

Мәслихаттың       
2013 жылғы 31 қаңтардағы 
№ 4 шешіміне қосымша   

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері
бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына
әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік
қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 26.04.2013 № 20 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 01.05.2013 бастап туындаған қатынастарға таратады).

      1. Міндетті құжаттар:
      1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған алушының өтініші;
      2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшін – туу туралы куәлік;
      3) алушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
      4) алушының банктік шоты бар болуын растайтын құжат;
      5) алушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде жеке басын куәландыратын құжат, және заңды өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат қоса беріледі.
      2. Қосымша құжаттар:
      1) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар бойынша жедел емделуге:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      жедел емделу шығындарын растайтын құжат;
      2) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, шипажай немесе оңалту орталықтарына жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді;
      мүгедектің шипажайда немесе оңалту орталығында болуын растайтын құжат;
      тағайындалған жеріне жол жүруі және кері қайтуы бойынша шығындарын растайтын құжат;
      3) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша азық-түлік себеті деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғалары үшін, тұрмыстық қажеттіліктеріне:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      4) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге:
      өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      5) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғалары үшін, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күні жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      туыстық қатынастарды растайтын құжат;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында Жеңіс Күніне орай:
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға, Ұлы Отан соғысында Жеңіс Күніне орай:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      8) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға:
      амбулаторлық, стационарлық ауырудың медициналық картасы үзіндісінің көшірмесі;
      9) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша, сондай-ақ ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастары үшін, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастар үшін, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге:
      жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастары үшін:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға алушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастар үшін:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылына оқу төлемінің мөлшері мен оқу орнын растайтын құжат;
      10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін тұрмыстық қажеттіліктеріне:
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      11) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар үшін, тұрмыстық қажеттіліктеріне:
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат.
      3. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқа мен көшірмелерде ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады.
      4. Осы шешімнің 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыз ретінде тіркелгендігін тексереді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады