Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 09.01.2014 № 6 хаты).
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына және 8-тармағына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихатының
кезекті бесінші
сессиясының төрағасы М. Суербасов
Денисов аудандық
мәслихатының хатшысы А. Мұрзабаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Денисов ауданы әкімдігінің
экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ С.Ф. Рахметова