Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 26.03.2014 № 163 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШТI:
1. Ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет азаматтық қызметшiлерiне қалалық жағдайда қызметтiң осы түрлерiмен айналысатын азаматтық қызметшiлердiң жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда аудандық бюджет қаражаты есебiнен жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтiк ставкалар белгiленсiн.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Жангелдин аудандық мәслихатының
кезектен тыс сессиясының төрайымы Қ. Әлібек
Жангелдин аудандық
мәслихат хатшысы С. Нургазин
КЕЛІСІЛДІ:
"Жангелдин ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ Е. Биржикенов