Мәслихаттың 2005 жылғы 13 маусымдағы № 186 "Аудан жерлері үшін және Жітіқара қаласы бойынша жер салығы мен жер үшін төлемінің базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 182 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қаңтарда № 4412 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2016 жылғы 21 қарашадағы № 70 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 21.11.2016 № 70 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың 2005 жылғы 13 маусымдағы № 186 "Аудан жерлері үшін және Жітіқара қаласы бойынша жер салығы мен жер үшін төлемінің базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-14 тіркелген, 2005 жылғы 30 шілдеде "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 11-бабының 1-тармағына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілінде 1-тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3) аудан жерлері үшін (ауылдық елді мекендер жерлерінен басқа) жер салығы базалық ставкасына түзету коэффициенттері", орыс тіліндегі мәтін өзгертүсіз қалады;
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілінде 1-тармағының 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "4) ауданның ауылдық елді мекендер жерлері үшін жер салығы базалық ставкасына түзету коэффициенттері", орыс тіліндегі мәтін өзгертүсіз қалады;
      көрсетілген шешімнің 3, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2- қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессияның төрағасы А. Кабиев
      Жітіқара аудандық
мәслихатының хатшысы
М. Кененбаева

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы
      Қаржы Министрлігі Салық
      комитетінің Қостанай облысы
      бойынша салық департаментінің
      Жітіқара ауданы бойынша
      салық басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _________________ Б. Шуинов
      "Жітіқара ауданы әкімдігінің
      жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _________________ А. Уразбаев

  Мәслихаттың
2013 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 182 шешіміне 1-қосымша
Мәслихаттың
2005 жылғы 13 маусымдағы
№ 186 шешіміне 3-қосымша

Аудан жерлері үшін (ауылдық елді мекендер жерлерінен басқа) жер салығы базалық ставкасына түзету коэффициенттері

Аймақ №

Жер салығы базалық ставкасына түзету коэффициенттері

Аймаққа кіретін қадастралық кварталдар атаулары және нөмірлері

1

-50

2

-40

3

-30

4

-20

5

-10

6

0

7

10

Аққарға ауылы (032);

Большевик ауылдық округі:

Тасыбай ауылы (011),

Қазірет ауылы (011)

8

20

Волгоград ауылы (030);

Мүктікөл ауылдық округі:

Жалтыркөл ауылы (024)

9

30

Пригородный ауылы (036);

10

40

Чайковский ауылы (006);

Шевченковка ауылы (013)

11

50

Большевик ауылдық округі (010);

Забелов ауылы (008);

Милютин ауылы (016);

Мүктікөл ауылдық округі (022);

Приречный ауылы (018);

Степной аулы (028);

Тимирязев ауылы (026);

Тоқтаров ауылдық округі (020);

Ырсай аулы (034);

"Костанайские минералы" акционерлік қоғамы (192-007-114)

  Мәслихаттың
2013 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 182 шешіміне 2-қосымша
Мәслихаттың
2005 жылғы 13 маусымдағы
№ 186 шешіміне 4-қосымша

Ауданның ауылдық елді мекендер жерлері үшін жер салығы базалық ставкасына түзету коэффициенттері

Аймақ №

Жер салығы базалық ставкасына түзету коэффициенттері

Аймаққа кіретін (ауылдық округтер бойынша) ауданның ауылдық елді мекендер, кварталдардың атаулары және нөмірлері

1

-50

2

-40

3

-30

4

-20

5

-10

6

0

Аққарға ауылы (031);

Большевик ауылдық округі:

Қазірет ауылы 2 (011) учаскесі;

Милютин ауылы 2 (015) учаскесі

7

10

Большевик ауылдық округі:

3 (009) учаскесі;

Тасыбай ауылы (011)

8

20

Мүктикөл ауылдық округі:

Қондыбай ауылы (021);

Тимирязев ауылы 2 (025) учаскесі

9

30

Мүктикөл ауылдық округі:

Жалтыркөл ауылы (023);

Шевченковка ауылы 2 (013) учаскесі

10

40

Большевик ауылдық округі:

Құсақан ауылы (009);

Волгоград ауылы (029);

Степной ауылы (027);

Ырсай ауылы (033)

11

50

Большевик ауылдық округі:

Тургенов ауылы (009),

Қазірет ауылы 1 (011) учаскесі;

Забелов ауылы (007);

Милютин ауылы 1 (015) учаскесі;

Мүктикөл ауылдық округі:

Мүктикөл ауылы (021);

Пригородный ауылы (001), (002);

Приречный ауылы (017);

Тимирязев ауылы 1 (025) учаскесі;

Тоқтаров ауылдық округі:

Тоқтаров ауылы (019),

Львов ауылы (019);

Чайковский ауылы (005);

Шевченковка ауылы 1 (013) учаскесі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады