"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қамысты ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қамысты ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 9 қаңтардағы № 4 "2013 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4000 болып тіркелген, 2013 жылғы 8 ақпанда "Қамысты жаңалықтары – Камыстинские новости" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:"
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ғазиз Ғұмарұлы Ахметчинге жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі Ж. Бисимбаев