Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 13.09.2013 № 152 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес, Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 83 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3989 тіркелген, 2013 жылғы 24 қаңтарда "Айна" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
1-тармақтағы 3) тармақша:
"3) тұтынушының салық төлеушінің куәлігі;" алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алтыншы сессия төрағасы А. Утешов
Аудандық
мәслихаттың хатшысы А. Тюлюбаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарабалық ауданы әкімінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
___________________ Т. Салмина