РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 20.05.2013 № 78 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi Заңының 14-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 2 шiлдедегi № 767 қаулысымен бекiтiлген "Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының" 27-тармағына сәйкес Қарасу ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қарасу ауданында автомобиль таксилердiң сыртын безендiру үшiн бiрыңғай ақ түстi гаммасы белгiленсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкiмiнiң орынбасары Е.З. Балжақаевқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі А. Нұрғазинов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарасу ауданы әкімдігінің
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______________________ С. Рогозик