2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 1 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 4 ақпанда № 4003 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 05.11.2013 № 890 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      1. Қосымшаға сәйкес 2013 жылға арналған Қостанай ауданының әкімшілік аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары анықталсын.
      2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, "Қостанай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша шаралар қарастырсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
      ауданының әкімі                            А. Ахметжанов

Әкімдіктің        
2013 жылғы 11 қаңтардағы 
№ 1 қаулысына қосымша  

2013 жылға арналған Қостанай ауданының әкімшілік
аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары

      1. Табысы аз адамдар.
      2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
      3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығысыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.
      4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
      5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгілеген тәртіппен асырауындағы тұрақты күтімді, көмекке немесе қадағалуға қажет етеді деп ететін адамдар бар азаматтар.
      6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
      7. Мүгедектер.
      8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
      9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
      10. Оралмандар.
      11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
      12. Жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.
      13. Ұзақ (он екі айдан аса) жұмыспен қамтылмаған адамдар.
      14. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген елу бес жастан асқан адамдар.
      15. Алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, жиырма бір жастан жиырма тоғыз жас аралығынадағы жұмыспен қамтылмаған жастар.
      16. Уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби оқуды аяқтаған жұмыссыз адамдар.
      17. Кәсіби және техникалық, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдардың түлектері.
      18. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады