Әкімдіктің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 1 "2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 қарашадағы № 890 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қарашада № 4320 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі Заңына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай ауданы әкiмдiгiнiң 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 1 "2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4003 тіркелген, 2013 жылы 8 ақпанда "Арна" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда шығарылсын:
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

                                                 А. Ахметжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады