Мәслихаттың 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 389 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне жиырма бес процентке жоғары көтерілген лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2013 жылғы 22 қазандағы № 137 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 8 қарашада № 4291 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2014 жылғы 7 қазандағы № 238 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 07.10.2014 № 238 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 389 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне жиырма бес процентке жоғары көтерілген лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-14-143 тіркелген, 2011 жылғы 28 қаңтарда "Арна" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы";
      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкалармен салыстырғанда жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық
      мәслихатының кезектен
      тыс сессиясының төрағасы                   С. Байгабулов

      Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Досжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай ауданы әкімдігінің
      "Экономика және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________ З. Кенжегарина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады